Шаңғы жарысында Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді

Шаңғы жарысында Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді


Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысы командалық эстафетамен аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан ерлер құрамасы (4×7.5 км) мәреге үшінші келіп, қола жүлдеге ие болды.

Жарыс жолына Константин Борцов, Наиль Башмаков (классикалық әдіс), Олжас Климин мен Владислав Коволёв (еркін әдіс) шықты. Мұнда барлығы 9 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Жарыс қожайыны Қытай чемпион атанса, күміс Жапония шаңғышыларында.

Айта кетейік, шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан 4 жүлде қол жеткізді. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжаласа, әйелдер командасы бағана эстафетада күміске қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или