Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарыстың келесі айналымына өтті
Қазақстандық, әлемнің 110-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде әлемдік рейтингіде 427-орында тұрған ресейлік Евгений Карловскийдің мысын басты.
Кукушкин 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 11 минутқа созылған матчта ол 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Карловский 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін рейтингіде 240-сатыдағы италиялық Андреа Вавассоримен шеберлік таластырады.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или