Қазақстан құрамасының жиындағы алғашқы қарсыласы анықталды
Қазақстан құрамасы 13 ақпанда Ташкенттің «Локомотивіне» қарсы алғашқы жолдастық матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Kommentator_Maulen» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Ресми емес. 13 ақпан күні Қазақстан құрамасы алғашқы жолдастық матчын ойнайды. Әли Әлиевтің тексеруге шақырған жастары «Локомотив» Ташкент командасына қарсы ойнауы тиіс», – делінген хабарламада.
Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан аралығында Түркияның Белек қаласында өтеді. Қысқа мерзімді жиынның негізгі мақсаты – ұлттық құраманың әлеуетті ойыншыларын қарастыру.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или