Шаңғышы Олжас Климин 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орынға көтерілді.
Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады.
Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Константин Борцов спринтте күміс жүлдегер атанған болатын.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или