Ангелина Шурыга: Енді эстафетаға дайындаламыз
Қазақстандық шаңғышы Ангелина Шурыга Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарындағы жарыстан алған әсерімен бөлісті.
Спортшы 5 шақырымдық еркін стильдегі жарыста сегізінші орынға ие болды.
"Қазіргі сәтте, жарыстан кейінгі әсер мен эмоциялар түсініксіз. Әлі нәтижелерді көрген жоқпын. Жалпы, жарыс өте тез өтіп кетті.
Эмоциялар әртүрлі. Мұның себебі – әлі толық талдау жасап, жарысты қайта қарамағанымда деп ойлаймын. Дегенмен, нәтиже өзім қалағандай болмады.
Бұл қашықтық өте қысқа. Маған ұзақ қашықтықтар көбірек жарайды. Ал 5 шақырым – спринтке жақын. Біздің спорт түрінде одан да ұзақ жарыстар бар. Тіпті, Қазақстанда өтетін 5 шақырымдық жарыстарға жиі қатыса бермейміз, өйткені бұл – қысқа қашықтық.
Мен 2017 жылы Азия ойындарына қатысқан едім. Сегіз жылдан кейін қайтадан ұлттық құрама сапына қосылдым. Енді бізде эстафета қалды. Бірақ оның құрамын, кезеңдердегі кезектілікті әлі талқылаған жоқпыз. Барлық өткен жарыстардың нәтижесіне қарай шешім қабылдаймыз.
Жалпы, жақсы әсер алдым. Бүгін ауа райы қолайлы болды. Алдыңғы күндерге қарағанда жылы, жел жоқ, қар да жауған жоқ. Енді эстафетаға дайындаламыз," – деді спортшы.
Айта кетейік, Ангелина Шурыганың Азия ойындарындағы соңғы жарысы 12 ақпанда өтетін эстафета болмақ.