Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарында күміс медальға ие болды
Шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында күміс медальді жеңіп алды.
Қазақстандықтар 3000 метрлік қашықтықтағы эстафетада екінші орынға көтерілді. Финалда ел намысын Ольга Тихонова, Малика Ермек, Алина Әжғалиева және Яна Хан қорғады.
Алтын медальды Қытай жеңіп алса, Жапония үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан аралас эстафетада да күміс медальді иеленген болатын.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или