Қазақстан құрамасы 21-ші орынға таласады

Гандболдан Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы 21-24-ші орындар үшін плей-ауттың жартылай финалында Конго Демократиялық Республикасымен кездесті.

Матч үлкен таласқа толы болды, ойынның негізгі уақыты 26:26 есебімен тең аяқталды. Айта кетейік, бірінші таймның басым бөлігінде конголықтар үш-төрт ұпайға алда келе жатқан, алайда қазақстандық ұжым үзіліске дейін есеп айырмасын бір ұпайға дейін қысқартып, екінші таймда командалар алма кезек гол соғумен болды. Нәтижесінде матч жеңімпазы ойыннан кейінгі соққылар сериясында анықталды. Оны 5:4 есебімен қазақстандық қыздар жеңіп алды, енді отандастарымыз Тунис құрамасымен 21-ші орынды сарапқа салады.

Конго ДР – Қазақстан 30:31 (12:11, 26:26, пен. 4:5)

Қазақстанның голдары: Танкина (8), Хардина (7), Пикалова (4), Караваева (3), Родина (3), Абдихамит (2), Колотинская (1), Александрова (1), Капралова (1), Абілдә (1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или