Тағы бір қазақстандық кәсіпқой боксшы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады.

АҚШ-тың Грендэйл қаласында өткен бокс кешінде 63 келіге (140 фунт) дейінгі салмақта сынға түскен 27 жастағы отандасымыз америкалық Тэворис Тиджпен қолғап түйістірді.

4 раундтық жекпе-жек 2-раундтан әріге бармады. Әшкеев кездесу басталғаннан қарсыласын үздіксіз соққының астына алды. Қазақстандықтың қарқынына төтеп бере алмаған жергілікті боксшы 2-раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или