«Бешікташ» Эквадор құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасасты

«Бешікташ» Эквадор құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасасты

Ыстамбұлдық «Бешікташ» Эквадор ұлттық құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Кенни Аройоны қатарға қосқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.

Аройо клубқа қосылып үлгерді. Бұған дейін Кенни өзінің тәрбиеленушісі болып табылатын «Индепендьенте» клубында ойнаған.

18 жастағы шабуылшының есебінде Эквадор ұлттық құрамасы сапында 2 матч, сондай-ақ жасөспірімдер және жастар құрамаларында өткізген кездесулері бар.

Еске салайық, «Бешікташ» сапында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или