Жалоловтың жекпе-жегі өтпейтін болды
Аса ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов келесі жекпе-жегін ертең таңертең Канаданың Монреаль қаласында өткізуі керек еді.
Өкінішке қарай, оның француз Дэвид Спильмонтқа қарсы жекпе-жегі тоқтатылды. Бұған Жалоловтың ерніндегі кішкентай ұшық себеп болған. Боксшылар ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізіп үлгерген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Баходир Жалолов кәсіпқой мансабында осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Дэвид Спильмонт осы уақытқа дейін 25 жекпе-жек өткізіп, 16 жеңіс, 8 жеңіліс және 1 тең ойын көрсетті. Ол өзінің 11 жеңісін нокаутпен жеңген.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или