Қор болған әнұран. Қазақтың гимнін әдейі қоймайды ма

Қор болған әнұран. Қазақтың гимнін әдейі қоймайды ма

Әлемдік додада топ жарып, еліңнің атын жаһанға паш еткенге не жетсін? Жеңіс тұғырында тұрып, қолыңды жүрек тұсына көтеріп, әнұранды айтқанда көзіңе қуаныш жасы келері анық. Бұл бір сөзбен жеткізе алмайтын сезім. Алайда осы бір сәтті құртып жататын жағдайлар жетерлік. Бұны біздің спортшылар басынан бірнеше рет өткізген де еді. Жақында ғана Хорватия елінде мәнерлеп сырғанаудан өткен халықаралық жарыста жерлесіміз Денис Тен АҚШ пен Ресей спортшыларынан озып, жеңімпаз атанған. Бірақ, бұл қуанышты сәтте жарыс ұйымдастырушылары жаңа әнұранымыздың орнына, ескісін қойып көңілге қаяу түсірді. Бұл масқараға қаншанға дейін көз жұмып отыра береміз? «PROСПОРТ» тілшісі ғаламтор бетін ақтарып, осыған ұқсас жайттарды іздеп көрді.

Загреб қаласында өткен «Golden Spin of Zagreb» жарысында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіске жеткен еді. Жеңіс тұғырына шыққан ол, жаңа әнұранның орнына ескісі қосылғанын бірден байқап, қолын жүрек тұсынан алып тастаған еді.

Кеше ғана ауыр атлетіміз Илья Ильин Грозныйда өтіп жатқан Ресей Федерациясы президентінің кубогы халықаралық турнирінде әлем рекордын жаңартып, алтын медальға ие болды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар ҚР-ның ескі әнұранын қойып, қателесті. Илья Ильин бұл қателікті дереу Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа ескертті. Президенттің нұсқауымен қателік жөнделіп, әнұран қайта қойылды. Илья мен тағы бір отандасымыз Александр Зайчиков әнұран қайта қойылғаннан кейін, қосылып шырқай жөнелді.

Франция елінде ауыр атлетикадан өткен Әлем біріншілігінде ескі әнұранымызды қойғаны бар. Лондон Олимпиадасына жолдама үшін таласқа түскен ауыр атлеттеріміздің арасында Зүлфия Чиншанло бар болған. Алттынан алқа тағынған қызымыз жеңіс тұғырында тұрып ескі әнұранды естіген еді. Ертесі Франция спорт министрі Давид Дуе еліміздің СІМ-ге хат жолдап, кешірім сұраған еді.

Ресейде каратэден өткен әлем чемпионатында Қазақстан Әнұраны тағы да ауысып кетті. Аса ауыр салмақта жапондықты жеңіп, әлем чемпионы атанған Мерей Сүйіновті марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі Әнұраны орындалған. Мұны дереу байқаған спортшы қарсылық танытып, ұйымдастырушылардан Әнұранды ауыстыруын өтінеді.

2012 жылы Кувейт елінде өткен атудан әлем чемпионатында Қазақстан әнұранының орнына «Борат» фильміндегі әнді қосып, спортшыларымызды масқаралаған еді. Бұл жайттан кейін еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Кувейтке хат жолдап, жағдайды түсіндіруді талап еткен болатын. Құрама жаттықтырушысы Анвар Юнусметов ұйымдастырушылардың қателігін айтып, нағыз гимнді тыңдатқан еді. Ертеңгі күні ұйымдастырушылар кешірім ретінде, үш елдің туын қайта көтеріп, нағыз әнұранды қойды.

Мұндай жағдай барлық спорт түрінде болды десек қателеспейміз. Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғап жүрген елордалық «Барыс» командасы осы жылдың қараша айында сырт алаңда финляндиялық «Йокертпен» кездесіп, 2:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Ал әнұранды орындау рәсімінде алаң иелері Қазақстанның 1992-2006 жылдары қолданған ескі гимнін қойған еді. 2013 жылы мәскеулік ЦСКА ұжымына қарсы матчта ескі әнұран ойналғаны бар. Жоғары хоккей лигасында өнер көрсететін «Сарыарқа» командасың матчында осыған ұқсас жағдай орын алған болатын.  Ресейдің Тверь қаласында жергілікті ТХК командасына қарсы кездесуде ұйымдастырушылар ескі гимнді қойған. Ал біздің хоккейшілер қолдарын жүрегіне қойып, ескі әнұранды соңына дейін тыңадағына бар.

Осыдан бір жыл бұрын Алматыда хоккейден «Алматы» мен «Бейбарыс» командалары арасындағы ойын басталар алдында Қазақстанның бұрынғы әнұраны орындалған еді. Ескі әнұран бірнеше секунд қана шырқалса да көрермендер оны бірден байқап қалды.

2014 жылы бокстан қыздар арасында өткен Әлем біріншілігінде спортшымыз Назым Қызайбай жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өткен дүбірлі додада боксшымыз финалда Шамджетсаба Сарджубалды жеңіп, чемпион атанған. Біздің делегация барлық керек заттар мен атрибуттарды, соның ішінде әнұранның мәтіні мен туымызды өткізген екен. Алайда жарыс ұйымдастырушыларының салақтығы ма, ескі гимнді қосып бергені...

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан АРВ жобасының 49 келіге дейінгі салмақтағы Біржан Жақыпов пен қытайлық Лю Бин арасындағы жекпе-жек жанкүйерлер күтпеген оқиғамен басталды. Жарысты ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қойып, қателік жіберді. Ал бұл кездесуде біздің боксшы жеңіліс тапқан еді.

Өкіншке орай, тек шетелдік ұйымдастырушылар ғана емес, елімізде де шатасып жатады. Мысалы, 2012 жылы Қостанайда «Шаңғы денсаулығы-2012» фестивалінің ашылу салтанатында облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовтың сөз сөйлегеннен кейін ұйымдастырушылар әнұранның орнына Рики Мартиннің «Livin’ la vida loca» әнін қойып, ел-жұртқа масқара болған еді.

Әрине, мұның бәрі сол азаматтардың шалалығы деуге болар, алайда әнұран еліміздің айнасы, азаматтығымыздың белгісі. Еліміздің құрметтейтін гимнімізді басқа жұрттар ойыншыққа айналдырмай тұрып, бұның жолын кесу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или