«Ал мен – қазақпын». Генаны ресейлік боксшы дейтіндер көбеюде

«Ал мен – қазақпын». Генаны ресейлік боксшы дейтіндер көбеюде

Мәскеудегі FlightNights жекпе-жектер кешіне қонаққа келген танымал актер Стивен Сигалдың ресейлік «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбаты қазақстандық барша бокссүйер қауымның жағасын ұстатты. Америкалық әртістің пікірінше, Геннадий Головкин – Ресейдегі ұлы боксшылардың бірі екен. Геннадийді ресейлік боксшылар қатарына қосқан жағдай бірінші рет болып жатқан жоқ.

«Матч ТВ» арнасында тілші Стивен Сигалдан ресейлік боксшылар туралы пікірін сұраған. Бұған америкалық актер бұлай деп жауап берді: «Қазір Ресейде жақсы спортшылар көп. Олардың басым бөлігі өз жолын самбо, дзюдо және күрестен бастаған. Мысалы, Геннадий Головкин – ұлы боксшы. Ресейліктердің күресу стилі біршама өзгеше болады, олар көбіне боксқа жақын келеді».

Головкиннің негізі қай елден екенін айтып, Стивен Сигалды түзеген ешкім табылмады. Бұл – америкалықтың қасақана әрекеті ме, жоқ әлде қазақстандық боксшылардың ресейліктерден шеберлік, физикалық тұрғыда бір бас жоғары тұратынынан бейхабар екендігін білдіре ме? Не десек те, Сигал осы сөздерімен қазақстандықтардың жағасын ұстаттты. Айта кетерлігі, ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары да әлемге аты мәшһүр боксшы есімінің қасына «ресейлік» деген сөзді жазуға құмар. Мысалы, Головкин мен Мартин Мюррей жекпе-жегінің алдында Ресейдегі танымал порталдардың бірі «Ресейлік нокаутшының 32-ші қадамы» атты тақырыппен материал жариялаған. Кейін аңдатпа барысында да «ресейлік Головкин» туралы бірнеше рет айтылады. Дәл осы мақаланы ресейлік бірнеше сайт жариялаған болатын. Рас, портал кейін өз қатесін түзеп, Головкинді қазақстандық деп өзгерткені есімізде. Ресейлік спорт комментаторлары да Геннадийдің жекпе-жегі кезінде эфирде боксшымызды Ресей Федерациясының спортшысы ретінде жиі таныстырады.

Кейін ғаламтор желілерінде Головкиннің өзін ресейлік деп таныстырған «сұхбаты» желдей ұшты. Белгісіз біреулер аудиомонтаж арқылы Геннадийдің сөздерін түрлендіріп шығарған. «Сұхбатта» GGG өзін «орыс боксшысы» ретінде есептейтінін және Ресей үшін халықаралық ареналарда топ жарып жүргенін айтады.

Биыл ғана бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері Владимир Черня ресейлік чемпиондардың қатарына Головкинді де қосуға болатынын мәлім етті: «Ресейде кәсіпқой бокстан төрт әлем чемпионы бар. Әрине, жақсы нәтиже, бірақ чемпиондар бұдан да көп болуы керек. Неге екені белгісіз, бірақ көп боксшылар енді бастап келе жатқан кезде жоғалып кетеді. Айтпақшы, біздің чемпиондар тізіміне Геннадий Головкинді де қосар едім, оның Қазақстанның атынан шығып жүргені ештеңе емес».

Геннадий Головкин сан мәрте өзін қазақстандық екенін айтқан болатын. Өз сұхбаттарының бірінде жанкүйерлер «Сізді Қазақстанның емес, Ресейдің намысын қорғауыңыз керек деген пікірге қалай қарайсыз?» деп сұрақ қойған. GGG мұның нағыз сандырақ екенін айтты.

Ал Головкиннің ресейлік боксшы екенін Геннадийдің екі-үш сөйлемі арқылы түгелдей жоққа шығаруға болады:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или