«Қызылорда Арена» стадионы мамыр айында қолданысқа беріледі

«Қызылорда Арена» стадионы мамыр айында қолданысқа беріледі

Қызылорда қаласында салынып жатқан су жаңа стадионның құрылысы осы жылдың мамыр айында аяқталып, қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қызылорда Арена» деп аталған бұл стадионда «Қайсар» футбол клубы өз матчтарын өткізеді.

Айтпақшы, аталмыш стадионның сыйымдылығы жеті мыңнан он бір мыңға көтерілген екен.

Бұл тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан жерінде салынған үшінші стадион болды. Бұған дейін елімізде «Астана Арена» мен «Түркістан Арена» ғана салынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или