Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы кім болғаны белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы кім болғаны белгілі болды

Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі комментатор, спорт журналисі Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды.

Ол 2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. Ал 2022-2024 жылдар аралығында ҚФФ президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарды.

Ермұхамед Мәулен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары QAZSPORT арнасының редакторы қызметін атқарған.

2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или