Нұралы Әліп жарақатынан айықты

«Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп жарақатынан айығып, жалпы топқа қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық футболшы клубтың 2 ақпандағы жаттығуына толық қатысқан.
Әліп былтыр 1 желтоқсанда Ресей чемпионатының 17-туры аясындағы «Крылья Советовпен» өткен ойында жарақат алған болатын. Дохадағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында қорғаушы қалпына келу жұмысын жалғастырды, жалпы топқа толықтай қосылған жоқ.
Айта кетейік, «Зенит» Абу-Дабиде екінші жаттығу жиынын өткізіп жатыр, ол 14 ақпанға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или