Жарақат алған Новак Джоковичтің қашан кортқа оралатыны белгілі болды
24 рет «Үлкен дулыға» турнирлерінде жеңіске жеткен, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович жақын күндері кортқа оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.
Сербиялық теннисші жеңіл жаттығуларды бастауды көздеп отыр, басты мақсаты – 17 ақпанда басталатын Доха турниріне дейін толық қалпына келу. Еске сала кетейік, 2025 жылғы Australian Open жартылай финалында Джокович Александр Зверевке қарсы ойында жарақатына байланысты бірінші сетті (6:7, 5:7) ұтқаннан кейін матчтан бас тартты.
Бұған дейін ол 2021 және 2023 жылдары Австралия ашық чемпионатында жарақатына қарамастан ойнап, титул жеңіп алған еді. Бірақ бұл жолы 37 жастағы спортшы жекпе-жекті жалғастыра алмады. Алғашында оның 2-3 айға теннистен шеттейтіні болжанған болатын.