Қазақстандық теннисші мансабын аяқтады

Қазақстандық теннисші мансабын аяқтады


Астанадағы Ұлттық теннис орталығының корттарында атақты қазақстандық теннисші Александр Недовесовты Қазақстан құрамасынан салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

37 жастағы қазақстандық спортшы өз мансабын туған жерінде, жергілікті жанкүйерлерінің алдында ресми түрде аяқтады. Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Александр Недовесовтың елімізде теннистің дамуы мен танымал болуына қосқан зор үлесін атап өтті.

Салтанатты рәсім барысында Александр ата-анасына, отбасына, федерацияға, командадағы әріптестеріне және әрине, жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или