Дэвис кубогы: Қазақстан Пәкістан құрамасын ұтты

Дэвис кубогы: Қазақстан Пәкістан құрамасын ұтты


Астана қаласында теннистен Дэвис кубогы аясында плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Пәкістанды ұтты.

Бүгін жұптық сында Александр Шевченко — Тимофей Скатов жұбы Акел Хан — Музамиль Муртазамен кортқа шықты.

Бірінші партияда есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық жұп брейк жасап, сол басымдылықты сақтап қалды — 6:4.

Екінші сетте де корт иелері 3:1 есебімен алға кетті. Есеп 5:4 болғанда, матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндікті пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте есе жіберген жоқ — 7:6 (7:1).

Тартысты бәсеке 1 сағат 45 минутқа созылды.

Осылайша, есеп 3:0 болып, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или