Светлана Подобедова РФ Президентінің кубогында күміс жүлде иеленді

Светлана Подобедова ауыр атлетикадан РФ президентінің Кубогында күміс жүлде иеленді.

Айта кетейік, Подобедовамен қатар 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әсем Садықов да бақ сынады. Ол Подобедовадан бұрын өнер көрсетуге шықты. Жұлқа көтеруде Садықова барлық үш мүмкіндігін сәтті пайдаланып, 85, 90 және 95 келілік штангаларды көтерлі.

Подобедова болса жаттығуды 111 келіден бастады, бірақ ол екінші шығысында 116 келі салмақта еңсере алмады. Алайда, қазақстандық ауыратлет бұл салмаққа тағы да екі келі қосқызып, оны көтере білді.

Қорытындысында Подобедова жұлқа көтеруде екінші орында аяқтады, ол 118 келіні көтерген ресейлік Ольга Зубоваға есе жіберді.Ал Садықова 12-орынды қанағат тұтты. Садықова серпе көтеруде 120 келіні басынан асырса, Подобедова екінші мүмкіндігінде ғана 141 келіні еңсерді. Соңғы мүмкіндігінде ол 146 келі салмақты басынан асырды.

Айта кетейік, Грозныйдағы жарысқа сағат 21:30-да 105 келі салмақта Илья Ильин мен Александр Зайчиков шығады.

Тengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или