Александр Бублик Монпельедегі турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды
Францияның Монпелье қаласында ATP-250 турнирінің ширек финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде №39) күтпеген жерден АҚШ теннисшісі Александр Ковачевичтен (ATP рейтингінде №102) екі сетте 3:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды.
Осылайша қазақстандық теннисші турнирдің қазіргі жеңімпазы позициясынан бас тартты.
Айта кетейік, былтыр ол финалда хорватиялық Борна Коричті (5:7, 6:2, 6:3) ұтқан болатын.
Монпельедегі турнир 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтеді, жүлде қоры 596 035 еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или