«Ордабасы» тағы бір қақпашымен қоштасты

«Ордабасы» тағы бір қақпашымен қоштасты

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «Ордабасы» қақпашы Азамат Жомартовпен жаңа келісімшарт жасаудан бас тартты.

29 жастағы қақпашы 2024 жылы наурызда «Арыс» клубынан «Ордабасыға» ауысқан болатын. Ол шымкенттік команда сапында 4 ресми матчқа (ҚПЛ-да үш ойын және Қазақстан кубогында бір кездесу) қатысып, 2 гол жіберіп алған. Жомартов қақпада болған ҚПЛ-дің үш матчында «Ордабасы» жеңіске жеткен еді.

Бұған дейін «Ордабасыдан» тағы бір қақпашы - беларусьтік Сергей Игнатович кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или