Әли Әлиевтің көмекшілері кімдер болатыны белгілі болды

Әли Әлиевтің көмекшілері кімдер болатыны белгілі болды

Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов бас бапкердің көмекшісі болады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Нұрбол Жәрдемұлы – Премьер-лигада ең көп матч өткізген футболшы және үздік сұрмергені. Ол 526 кездесуде 167 гол соққан.

2001-2014 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, 58 матчқа қатысты. 

2021-2023 жылдары Қазақстан жастар құрамасы бас бапкерінің көмекшісі болды.

Қазіргі уақытта Нұрбол Жұмасқалиев Қостанайдың «Тобыл» клубының бас бапкері қызметін атқарады.

Елдос Ахметов 2012-2022 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті. 2024 жылы жастар құрамасының бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарып, ал сол жылдың қазан айында ұлттық құраманың бапкерлік штабына қосылды.

Дереккөз: KFF.KZ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или