Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

1/8 финалда қазақстандық Германия спортшысы Доминик Кепфермен кездесті. Нәтижесінде Александр 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Александр Бублик бес эйс жасап, үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланып, бірде-бір қос қате жіберген жоқ.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші аталмыш турнирдің қазіргі чемпионы. Және осы жылы да сол атақты қорғап қалуға ниетті.

Александр Бубликтің келесі қарсыласы Маттие Белуччи (Италия) және Александр Ковачевич (АҚШ) арасындағы кездесуден кейін анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или