Ақтауда жаңа теннис орталығы ашылды

Ақтауда жаңа теннис орталығы ашылды

Ақтау қаласында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа теннис орталығы ашылды.

ҚР Теннис федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа теннис орталығының ашылу рәсіміне Қазақстан теннис федерациясының директоры Диас Досқараев пен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

Аймақ басшысы А. Айдарбаевтың айтуынша, Маңғыстау облысы талантты спортшыларға бай. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі халықаралық сайыстарда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Осындай бастамалар арқасында аймақтың теннисшілері де халықаралық алаңдарда өзін көрсете алатын болады.

«Теннис орталығы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес етіп жабдықталған. Болашақта осы жерде ITF сериясы бойынша халықаралық жарыстарды ұйымдастыратын боламыз. Жастар мықты теннисшілердің ойынын тамашалап, шабыттанатын болады. Ақтаудан әлі талай талантты теннисшілер шығарына күмәнім жоқ»,- деді ашылу салтанатында атқарушы директор Диас Досқараев.

Жаңа теннис орталығында 5 алаң бар. Оның ішінде 2 жабық алаң: біреуі 500 трибуналы, екіншісі жаттығуларға арналған. Асхана, жаттығу залы, медициналық бөлім, киіну бөлмелері сынды қажетті орындар қамтамасыз етілген.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или