Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегі ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы 28 ақпанда Астанада өтетін бокс кешінде польшалық боксшы Мацей Сулецки (32-3, 12 КО) кездесіп, WBC Silver титулын сарапқа салады. Бұл кездесу осы бокс кешінің басты жекпе-жегі аясында өтеді.
Әли Ахмедов кейінгі жекпе-жегін 18 қаңтарда Американың Коммерс қаласында өткізген. Бұл жекпе-жекте ол жергілікті боксшы Малкольм Джонсты екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Ал Мацей Сулецки рингке 31 тамызда Калифорнияның Карсон қаласында шығып, алтыншы раундта америкалық Диего Пачекодан нокаутпен жеңіліп қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или