Қазақстандық теннисшілердің Францияда өтетін турнирдегі қарсыластары белгілі болды
Францияның Монпелье қаласында ATP-250 (қатты) сериясы бойынша турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа Қазақстанның екі теннисшісі - Александр Бублик пен Михаил Кукушкин қатысады.
Бұл турнирде Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Бублик чемпиондық атағын қорғайды. Ол былтырғы финалда хорватиялық Борна Чоричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтқан болатын.
Биыл Бублик Монпельдегі турнирде кездесуін екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы қарсыласы белгілі болды. Ширек финалға шығу үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы бірінші айналымда франциялық Грегуар Баррерді 6:4, 7:6 есебімен ұтқан неміс Доминик Кёпфермен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші айналымда грузиялық теннисші Николоз Басилашвилиге қарсы ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или