Теннис аңызы Новак Джокович жаңа рекорд орнатты
Үлкен дулыға турнирлерінің 24 дүркін чемпионы, әлемнің алтыншы ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович қатарынан мың апта бойы әлемдік рейтингтің топ-100 тізіміне еніп келеді. Бұл 19 жыл және 167 күнге тең, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің үздік он теннисшісінің қатарында Джокович жалпы есепте 874 апта болды. Ол үздік ондықтан 2017 жылы шығып қалған еді.
2025 жылғы Аустралия ашық чемпионатында Новак Джокович жартылай финалға дейін жетті. Онда ол әлемнің екінші ракеткасы, неміс теннисшісі Александр Зверевпен кездесті.
Джокович сол аяғының жарақатына байланысты матчтан бас тартқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или