FISU делегациясы Алматыда Универсиада нысандарына инспекторлық етті

FISU делегациясы Алматыда Универсиада нысандарына инспекторлық етті

Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдері 2017 жылғы қысқы Универсиадаға арналып салынып жатқан нысандарға барып, жұмыс барысы мен техникалық дайындығын тексерді.

Бір апта бойы FISU-дың қысқы универсиадалар директоры Милан Августин бастаған делегация Алматыдағы спорт нысандарға бас сұқты. Олар «Шымбұлақ» таушаңғы курортында, «Медеу» мұз айдынында, «Сұңқар» трамплиндер кешенінде, Б.Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында, «Алатау» шаңғы және биатлон кешенінде болды.

Қысқы универсиадалар директоры Милан Августин алдағы жарыстарға дайындықтың жоғарғы деңгейде екенін айтып өтті. «Дайындықтың барлығы ойдағыдай екеніне көз жеткіздік. Барлық спорт нысандары уақытысында аяқталып, халықаралық талаптарға сай болады деп ойлаймын»,-деді ол.

Бұдан бөлек, FISU өкілдері жаңадан бой көтеріп жатқан 12 мыңдық Мұз сарайы, Универсиада кезінде 5 мың адам сыйатын Атлетикалық қалашық пен сыйымдылығы 3 мың адамдық Мұз аренасында болып қайтты. Тексеру барысында сарапшылар нысандардың озық үлгіде екенін атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или