Теннис. Ерлер арасында әлемдік рейтинг жаңартылды
Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) Австралия ашық чемпионатының 2025 жылғы қорытындысы бойынша жеке және жұптық сында әлемдік рейтингтің ағымдағы нұсқасын ұсынды, деп жазады Prosports.kz.
Көшбасында италиялық Янник Синнер қалды. Неміс Александр Зверев екінші орында. Үздік үштікті испаниялық Карлос Алькарас түйіндеді.
Қазақстан өкілі Александр Бублик екі позиция құлап, 39-орынға тұрақтады. Александр Шевченко 77-орыннан 75-орынға көтерілді.
Еске салайық, 2025 жылғы Australian Open турнирінде Бублик бірінші айналымда аргентиналық Франсиско Серундолого есе жіберсе, Шевченко алғашқы раундта Алькарастан жеңіліп қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или