Әли Ахмедов Астанада жекпе-жек өткізеді

Әли Ахмедов Астанада жекпе-жек өткізеді
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің орны мен күні белгілі болды, деп хабарлайды спортшы командасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Ахмедов келесі жекпе-жегін 28 ақпанда Қазақстанның елордасы – Астанада өтетін бокс кешінде өткізеді. Әзірге отандық боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз. Әли Ахмедовтің жекпе-жегі осы бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 18 қаңтарда Американың Коммерс қаласында өткізді. Бұл жекпе-жекте ол жергілікті боксшы Малкольм Джонсты екінші раундта нокаутқа түсірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или