«Қызылжар» Қазақстан жастар құрамасының ойыншысымен келісімшартқа отырды
«Қызылжар» жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаевпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 жастағы ойыншы елордалық футбол мектебінің түлегі. «Астана» командасының құрамында үш рет Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар, Мәди «Шахтер» және «Хан Тәңірі» клубтарында өнер көрсетті.
Сондай-ақ жартылай қорғаушы 2020 жылы Қазақстан жастар құрамасында ойнап, үш матчқа қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или