Ғани Қайназаров пен Қайсар Бекенов Қазақстан футбол федерациясынан кеттi

Ғани Қайназаров пен Қайсар Бекенов Қазақстан футбол федерациясынан кеттi

Ғани Қайназаров пен Қайсар Бекенов Қазақстан футбол федерациясынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

ҚФФ ұлттық құрамалар Департаментінің басшысы болған Ғани Қайназаров бір ай ғана жұмыс істеп, қызметін босатты. Оған дейін ол жарты жыл Qazaqstan Football League президенті болған.

ҚФФ атқарушы директоры болып сайланған Қайсар Бекенов те қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 18 желтоқсанда келген болатын.

Жақын күндері жаңа қызметкерлердің есімдері белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или