Әли Ахмедовты мәжбүрлі түрде жекпе-жектерден шеттетті

Әли Ахмедовты мәжбүрлі түрде жекпе-жектерден шеттетті

Калифорния штатының атлетикалық комиссиясы қазақстандық боксшы Әли Ахмедовты (23-1, 17 КО) америкалық Малколм Джонспен (17-5-1, 10 КО) өткізген шайқастан кейін жекпе-жектерден шеттетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ахмедов 31 қаңтарға дейін рингке шыға алмайды. Дисквалификация медициналық сипатта және боксшының жекпе-жектен кейін тезірек сауығып кетуіне көмектесу үшін жасалған. Ахмедовтың қарсыласына келсек, Джонс 3 наурызға дейін шеттетілді.

Еске салайық, Әли Ахмедов пен Малкольм Джонс 18 қаңтарда Коммерсте (АҚШ, Калифорния) кездескен болатын. Ахмедов қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті ерте аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или