Алматыдағы Қысқы Универсиада болашақта өтетін Универсиадаларға үлгі болады - FISU

Алматыдағы Қысқы Универсиада болашақта өтетін Универсиадаларға үлгі болады - FISU

Қазақстанға іс-сапармен келген FISU Халықаралық студенттер спорты федерациясының өкілдерінің ойы осы.  Олар 2017 жылғы Қысқы Универсиаданың дайындығымен танысты.

«Біз бұл оқиғаны біраз жылдан бері күтіп жүрміз.Алматыға 2011 жылы Универсиада өткізу құқығын берген кезден бастап. Біз Алматыда өтетін Универсиада болашақта басқа Универсиадаларға үлгі болады деген ойдамыз", - деді  FISU бас хатшысы Эрик Сэйнтронд Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбекпен кездесуінде.

«Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Дариға Назарбаевмен кездесуімізде біздер ең өзекті мәселелерді талқыладық. Вице-премьер өз тарапынан Универсиадаға ықылас танытып,  қолдап жатқаны қуантады",- деді Эрик Сэйнтронд.

FISU өкілдері  Алматы қаласының əкімімен кездесуінде информациялық технологиялар мен теле өнімдер жайлы мəселелерді талқылады.

«Алматы əкімшілігіне қарасты Дирекцияда жалынды жастардан құралған мықты  топ қалыптасыпты. Олармен жұмыс істеуге құлшынып отырмыз  Біз бірлесіп,  үлкен қарқында жұмыс істегеніміз абзал. Өйткені жарысқа дейін бір жылдан астам уақыт қана қалды», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік Алматыдағы Универсиада ойындары 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8-ші ақпан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или