Қазақстан – Универсиада өткізудегі сенімді серігіміз - FISU Президенті

Қазақстан – Универсиада өткізудегі сенімді серігіміз -  FISU Президенті

2017 жылғы Қысқы Универсиадаға дайындық Халықаралық студенттер спорты федерациясының регламенті бойынша  сəтті жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстанға іс-сапармен келген  FISU  Президенті Олег Матыцин мəлімдеді.

FISU өкілдері қайта сайланған Президенттері Олег Матыцинмен Алматының Универсиадаға дайындығымен танысу үшін келді. Олар Астанада 2017 жылғы Универсиада ұйымдастыру комитетінің басшысы,  вице-премьер Дариға Назарбаевамен кездесу өткізді.  Кездесу барысында тараптар Қысқы Универсиаданы ұйымдастыруда өзекті мəселелерді талқылады. Олег Матыцин жоба сəтті болатынын, Қазақстан мемлекеті Халықаралық федерацияның тарихында  осы ірі жобаны ұйымдастырудағы сенімді серіктес болып қалатынына сенім білдірді.

"Универсиадаға дейін уақыт аз қалды,  бірақ жұмыстардың қарқынды жүріп жатқанынан хабардармыз. Сондықтан барлығы ойдағыдай болатынына шүбə келтірмейміз", - деді FISU Президенті.

Ол Универсиаданы өткізудегі Алматының рөлін де атап өтті. «Аса жауапкершілік Алматы қаласына түсіп тұр. Өйткені бұл шахарда барлық сайыстар өтеді. Сол себепті Халықаралық федерация мен Алматы əкімшілігінің, қалалық Дирекциямен бірлесе жұмыс туралы мəселерге назар аудардық.  Біз Алматы əкімшілігіне ризашылығымызды білдіреміз, өйткені олар осы жоба арқылы Алматыны əлемге танытуды көздеп, барлығын FISU регламенті бойынша орындап жатыр", -деді Олег Матыцин.

Алматыдағы Қысқы Универсиада ойындары 2017 жылдың 29-шы қаңтарынан 8-ші ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада сайыстарына 55 елден 2000 спортшы қатысады. Универсиада уақытында 3000 ерікті жұмылдырылады. 30 000 -нан астам шетелдік қонақтар келеді деп күтілуде. Универсиаданы 80 елден 1 млрд халық тамашалайды деп жоспарланған. Универсиаданың операциялық бюджеті екі есеге қысқарып,  17 млрд теңгені құраған. Қазақстандық кәсіпорындарын қолдау мақсатында қазқамту 50 % болмақ. Жарыстар 13 спорт түрінен,  8 спорт нысанында өткізіледі.  Қазір жаңа үш спорт нысаны бой көтеруде. Олар 5000 адамдық Атлетикалық қалашық,  3 мыңдық Мұз аренасы және 12 мыңдық Мұз сарайы. Бұл спорт нысандарының құрылысы 70 пайызға дайын жəне 2016 жылдың жаз айларында толық бітеді деп жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или