«Ұлытау» жолдастық матчта жеңіске жетті
Биыл Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын жезқазғандық «Ұлытау» Шымкенттегі оқу-жаттығу жиыны аясында «Оңтүстік» командасымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойын 3:1 есебімен «Ұлытаудың» пайдасына аяқталды. Жезқазғандықтар сапындағы голдардың бірін 28 жастағы грузин шабуылшысы Бека Вачиберадзе соқты. Ол өткен жылдың жазынан бері клубсыз қалып, бұған дейін украиналық «Металлист 1925» командасында ойнаған болатын.
«Ұлытау» – «Оңтүстік» – 3:1
«Ұлытаудың» голдары: Бека Вачиберадзе, Байжан Мәделхан, Бекжан Рзатаев.
Хусанов Сәтпаевқа қарсы: Лондондағы экс-журналист пікір білдірді
Чесноков «Хартсқа» ауыса ма? Шетелдік БАҚ талдау жасады
Қазақстандық шабуылшы Испаниядан жаңа клуб іздестіріп жатыр
«Трансфер тегін болған жоқ». Еуропалық клуб Қазақстан құрамасының ойыншысын сатып алу жайында