FISU президенті: «Универсиаданы өткізуде Алматы әкімдігінің маңызы зор»

Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек кездесіп, 2017 жылғы Қысқы Универсида жайлы пікір алмасты.

«Қала әкімімен кездесу барысында Халықаралық федерация және қала әкімдігі арасындағы қарым-қатынас жайлы сөйлестік. Барлық жауапкершілік Алматы қаласына түсетіндігін жақсы түсінеміз. Сол себепті бұл жобадағы әкімдіктің маңызы зор», - дейді Олег Матыцин.

Сонымен қатар, FISU басшысы Универсиада Қазақстан халқы мен Алматы қаласының тұрғындары үшін нағыз мейрамға айналуы тиіс екендігін атап өтті.

«Алматы қаласының әкімдігі осы спорттық жоба арқылы әлемге танылып, шетелдік компаниялардың назарын аудартқысы келіп жатқанына, өте қуаныштымыз», - деп қуанышын жеткізді FISU президенті.

«Қазақстанда спорттық нысандар көптеп бой көтеруде. Қазақстан Республикасының Президенті, ел Үкіметі, Алматы қаласының әкімдігі спортқа аса назар аударуда. Бұған қарап, спорттық нысандар тек қана халықаралық жарыстарды өткізіп қана қоймай, ел игілігіне берілетінін көруге болады», - деп сөзін қорытты Олег Матыцин.

Айта кетейік, 2017 жылдың 28 қаңтар мен 8 ақпан күндері Алматы қаласында Қысқы Универсиада ойындары өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 55 елінен 2000-ға жуық спортшылар қатысады. Жұмсалатын қаржы, екі есеге қысқартылып 17 млрд теңгені құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или