Қызылордалық «Қайсар» жаңа маусымда легионерсіз ойнайды

Қызылордалық «Қайсар» жаңа маусымда легионерсіз ойнайды

Бүгін жаңа басшы келген «Қайсар» клубы жаңа маусымда легионерсіз ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы Қызылорда облысы спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді.

Ал клубтың баспасөз қызметі ақпаратты растаған. Қызылорда командасына басшы болып Талғат Әбдіғаппарұлын келгенін айта кетейік. Бұдан былай қызылордалық ұжымда 100 пайыз қазақстандық футболшылар өнер көрсетеді.

Бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев та клубқа легионерлер сатып алу үшін ақша бөлінбейтінін, жергілікті ойыншыларды тәрбиелеуге басымдық беретінін алға тартқан.

Естеріңізде болса, былтырғы маусымда клуб ел біріншілігінде 8-орын алды. Сонымен қатар биылдан бастап шетелдік спортшылар бюджет қаражатынан қаржыландырылмайды. Енді шетелден легионер сатып алғысы келетін ұжым оған демеушілер табуы керек болады.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или