Теннисші Карлос Алькарас ерекше жетістікке қол жеткізді

Теннисші Карлос Алькарас ерекше жетістікке қол жеткізді


Австралияда маусымның алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

«Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпионы, әлемнің үшінші ракеткасы, 21 жастағы испаниялық теннисші Карлос Алькарас Ашық дәуірдегі әрбір «мэйджордың» ширек финалына екінші рет шыққан ең жас ойыншы атанды.

Бүгін, 19 қаңтарда, Алькарас 2025 жылғы Australian Open турнирінің ширек финалына жолдама алды. Әлемнің 18-ракеткасы Джек Дрейпермен болған кездесуі британдықтың жарақатына байланысты толық аяқталмай, есеп 7:5, 6:1 болып, испаниялықтың пайдасына шешілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или