Артемий Ситенков: «Қазақстанда ММА турнирлердің ұйымдастыру деңгейі өте нашар»

Ережесіз жекпе-жектен атақты ирландиялық Конор МакГрегорды жеңген литвалық спортшы Артемий Ситенков Қазақстандағы ММА турнирлердің деңгейі өте төмен екенін айтты.

«ММА турнирлерін ұйымдастыру жағынан Финляндия мен Швеция елдері мықты. Барлығы жоғары деңгейде. Ең нашар ұйымдастыруды мен Қазақстанда кездестірдім. Ұйымдастыру деңгейі өте төмен. Қазақстанда америкалық спортшы ұйымдастырушыға «маған салмақ тастау үшін сауна мен тұз керек» деді, ал ол оған «иә, иә, жарайды» деп жауап берді де жоқ болып кетті. Ол қобалжып күтіп отырды оны. Анау жігіт келмеді сосын. Америкалық спортшыға қазақ оны алдап кеткенін түсіндіріп көр енді. Тағы бір есімде қалған оқиға, бізді қонақ үйден жарысқа кішкентай автобуспен апарды. Жүргізуші жол бойы біреумен сөйлесіп, кейін жолдан спортшылармен толы көлікке тағы бір бейтаныс жігіттерді отырғызып алды. Біз үшін бұл түсініксіз жайт болды», - деді Ситенков sports.ru сайтына берген сұхбатына.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі ай бұрын литвалық спортшы қазақстандық Қайрат «Қазақ» Ахметовтан техникалық нокаутпен ұтылды. Ал 2008-ші жылы Артемий Ситенков белгілі ирландиялық спортшы Конор МакГрегорды жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или