Қазақстандық клуб Руанда құрамасының ойыншысына қызығушылық танытып отыр
«Кривбас» пен Руанда құрамасының жартылай қорғаушысы Джихад Бизиманға қазақстандық клубтардың бірі қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты TaToTake Telegram арнасына сілтеме жасап.
«Джихад Бизиманның ауысуы әбден мүмкін - жартылай қорғаушының клубпен келісімшарты алты айдан кейін аяқталады. Дереккөздердің хабарлауынша, Руанда құрамасының ойыншысына Қазақстан мен Қытай қызығушылық танытып отыр», - деп жазады дереккөз.
Ойыншы қорғаныстағы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. TransferMarkt футболшыны 1 миллион еуроға бағалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или