«Ертіс» екі ойыншымен келісімшартқа отырды
Павлодарлық «Ертіс» жартылай қорғаушы Әділхан Добай және қорғаушы Рауан Орынбасармен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әділхан Добай – Шымкент футбол мектебінің түлегі. Еңбек жолын «Оңтүстік» академиясының жастар құрамасының мүшесі болып бастады. 2019 жылы «Ордабасы» командасына ауысты. Сол жылы Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады. Қазақстан U-17, U-19 және U-21 құрамаларында өнер көрсетті. 2024 жылы Ұлттық құрамаға шақырылды. 2024 жылғы маусымды «Жетісу» футбол клубында өткізді.
Рауан Орынбасар кәсіпқой мансабын 2015 жылы «Жетісу» клубының сапында бастап, 158 кездесу өткізген. 2020 жылы Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады. Ұлттық және Қазақстан U-19 және U-21 құрамаларына шақырылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или