Бейбіт Жұқаев Португалиядағы жарыста 21 эйс жасап, ширек финалға шықты

Бейбіт Жұқаев Португалиядағы жарыста 21 эйс жасап, ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 244-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы екінші айналымда рейтингіде 253-орында тұрған литвалық Едас Бутвиласпен кездесті.

Бірінші партияда Бейбіт 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде литвалық теннисші есе қайырды – 6:4.

Үшінші, шешуші сетте Жұқаев дес бермеді – 6:1.

Бір сағат 49 минутқа созылған тартысты матчта Бейбіт 21 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Бутвилас 2 эйс, 2 брейктен аса алмады.

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 109-ыншы, жарыстың 1-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевич немесе рейтингіде 235-сатыдағы эстониялық Марк Лайалдың қай жеңгенімен таласады.

Б.Жұқаев қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 236-орынға көтеріліп тұр.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или