«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы мансабын Кувейт чемпионатында жалғастырады
Гаитилік «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Жайро Жан мансабын Кувейт чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы жартылай қорғаушы ел чемпионатында үшінші орында тұрған «Аль-Кадсия» клубымен келісімшартқа отырды.
Қазақстан Премьер-Лигасының өткен маусымында Жайро Жан «Ақтөбе» сапында 24 матч өткізіп, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Және оның еурокубокта бір голы бар. Transfermarkt.de сайты ойыншыны 500 мың еуроға бағалайды. Сондай-ақ кәсіби мансабында Жан Гаитидің «Сен Луи», «Америка де Ке», «Атлетико Сан-Кристобаль» және «Харабакоа» боливиялық «Реал Санта-Крус» «Олвейс Реди». клубтарында ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или