«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы мәскеулік командамен келісімшартқа отырды

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы мәскеулік командамен келісімшартқа отырды

24 жастағы қырғызстандық жартылай қорғаушы Гүлжігіт Алықұлов мәскеулік «Торпедомен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен жылы Алықұлов Беларусьтің «Неман» командасының сапында барлық турнирлерде 30 кездесу өткізген. Ол 8 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді, Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері, ел кубогының иегері атанды және команданың үздік ойыншысы деп танылды. 

Айта кетейік, жартылай қорғаушы бұған дейін алматылық «Қайрат» сапында ойнап, чемпиондық пен Қазақстан кубогын жеңіп алған, сондай-ақ «Базельге» қарсы ойында Конференция лигасы топтық кезеңінде 4 матч өткізіп, нәтижелі пас берген. Оның үстіне Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде 4 матч бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или