«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы өзбекстандық клубта ойнайды

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы өзбекстандық клубта ойнайды

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Кирилл Колесниченко Өзбекстанның «Сурхан» клубына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кирилл Колесниченко өзбекстандық «Сурханға» ауысуға жақын. Ол бұған дейін Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды. 

«Чертаново» түлегі «Урал», «СКА-Хабаровск», «Қайрат», «Ротор», «Родина» командаларында ойнап, соңғы бірнеше айды «Амкарда» өткізді», - деп жазды « FNL with Ilyev» телеграм каналы.

Айта кетейік, Колесниченко «Қайратқа» 2020 жылдың көктемінде ауысып, алматылық команда сапында бірде-бір ойын өткізген жоқ. 2021 жылдың жазында ресейлік Екатеринбургтің «Урал» командасына сатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или