Сербия құрамасының бұрынғы қорғаушысы ҚПЛ-да өнер көрсетеді

Сербия құрамасының бұрынғы қорғаушысы ҚПЛ-да өнер көрсетеді

Сербиялық қорғаушы Неманья Чаласан «Елімай» командасымен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі transfermarkr.de сайтына сілтеме жасап.

Неманья Сербия мен Португалия чемпионаттарында ойнаған, кейінгі клубы - «Спартак» (Суботица) болды. 28 жастағы қорғаушы осы клубтың түлегі болып табылады.

Бұрын ол Сербия құрамасына шақырылып, бір жолдастық матч өткізген.

Сербия чемпионатының 2024/2025 маусымында ол 16 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или