Дигейл Головкинмен жұдырықтасуға дайын

Бокстан 2008-ші жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, екінші орта салмақ дәрежесінде IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Джеймс Дигейл (22-1, 14 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

«Мен супер орта салмақ дәрежесіндегі ең үздік боксшымын. Бұл салмақтағы басқа чемпиондар Баду Джек пен Артур Абрахамды ұтатыныма сенімдімін. Егерде Головкин 76 келі салмақ дәрежесіне көтерілсе, онда мен онымен төбелесуге дайынмын. Головкин, әрине, өте шебер боксшы. Бірақ мен оны ұта аламын», - деді Дигейл Sky Sports басылымына.

Қазіргі таңда, Головкиннің командасы мексикалық Сауль Альвареспен кездесу жайлы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или