«Қашан жұмыс істей бастайсың?». Кержаков «Қайраттан» неге кеткенін ашық айтты

«Қашан жұмыс істей бастайсың?». Кержаков «Қайраттан» неге кеткенін ашық айтты

Ресейлік маман, «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Александр Кержаков алматылық клубтан күтпеген жерден кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2024 жылдың қыркүйегінде маман командадан кеткен еді. Күтпеген отставкадан кейін клуб президенті Қайрат Боранбаевтың киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, команданың көзінше бас бапкерге балағат сөздер айтқаны туралы ақпарат тараған болатын.

«Мен «Қайратқа» келгенде бір ай бойы базада тұрдым. Бұл маған чемпионат, команда және қарсыластар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді. Бірақ үш айдан кейін «Қашан жұмыс істей бастайсың?» дегенді естідім.

Сол кезде не болғаны ма? Бұл маған өте қолайсыз жағдай. Оған бағыну керек болған шығар? Жоқ, ешқашан! Кейбір бапкерлер солай жасар еді, бірақ мен өзіме ондайды рұқсат ете алмадым. Футболшылардың көзінше бапкердің беделі өте маңызды, ал сол жағдайдан кейін менің ешқандай беделім қалмас еді», – деді Кержаков «СБГ Шоу» эфирінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или