ҚПЛ клубына Қырғызстан чемпионатының ойыншысы қосылды
2024 жылы Өзбекстанның «Дордой» клубында ойнаған, украиналық қорғаушы Анатолий Козленко «Қызылжар» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі TM News | Теңгелбес Мусаев телеграм-арнасына сілтеме жасап.
«Өткен маусымда «Дордой» сапында өнер көрсеткен Анатолий Козленко енді Қазақстан Премьер-лигасында ойнайды. 22 жастағы орталық қорғаушы петропавлдық «Қызылжар» ойыншысы атанжы. Өткен маусымда команда турнир кестесінде 9-орын алды.
Анатолий «Дордой» құрамында 23 матчқа қатысты.
Айта кетейік, Қырғызстан Премьер-лигасында «Дордой» барлығы 18 гол жіберген. Бұл көрсеткіш бойынша олар «Абдыш-Атадан» (15 гол) кейінгі екінші орында», — делінген хабарлмада.
Сонымен қатар, 22 жастағы Козленко бұрын Киевтің «Динамо» және «Днепр» жастар командаларында ойнаған. Кәсіпқой деңгейде Қырғызстанға дейін Польшада («Тыхы» және Хожувдың «Рухы»), Швейцарияда («Волен») және Грузияда («Гагра») өнер көрсеткен. «Дордойға» 2024 жылдың ақпанында еркін агент ретінде ауысқан болатын.